4 жастағы баланың басын темір орындықпен ұрған
Астанадағы балабақшада 4 жастағы баланың басы зақымдалып, ауруханаға жеткізілді. Деректерге сүйенсек, оның басынан өзге тәрбиеленуші бүлдіршін орындықпен ұрған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оқиға «Медина» балабақшасында болған. Сәбидің анасының айтуынша, ол 24 қыркүйекте таңертең ұлын балабақшаға апарған. Ал 9:41-де тәрбиеші ұлының басын ұрып алғанын айтып хабарласқан.
Анасы балабақшаға келгенде, ұлының басындағы ашық жарақатты көріп, шошып кеткен. 10-15 минуттан кейін «жедел жәрдем» келіп, баланы ауруханаға жеткізіп, тігістер салған.
Кейін ұлдың анасы бейнебақылау камераларынан қарауды талап еткен. Онда басқа тәрбиеленуші баланың ұлының басына темір орындықпен ұрып жатқанын көрсетілген. Бұдан соң әйел видеодан тәрбиешілердің дөрекі және қатыгез қарым-қатынасын да көргенін атап өтті.
Балабақша өкілдері оқиғадан соң ақшалай көмек ұсынып, кешірім сұраған. Бірақ анасы кінәлілердің жауапқа тартылғанын қалайтынын айтады. Ол материалдық көмектен бас тартқан. Сондай-ақ соққының салдары ұлының денсаулығына әсер етуі мүмкін екенін жеткізді. Себебі бала бұған дейін сөйлемей, тек ым-ишарамен түсіндіріп жүрген.
Келесі күні баланың атасы тәрбиешілерге ашуланған. Ал баланың інісін балабақшадан шығарып алды деп болжануда.