Бала өлімінен кейін министрлер мектептегі спорт алаңдарына тексеру жүзгізбек

387

Астанада 10 жасар баланың үстіне мектеп ауласындағы футбол қақпасы құлап қайтыс болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қайғылы оқиға 7 тамыз күні кешке №10 мектеп аумағында болған.


Баланың қайтыс болу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.


Мектептегі бала өлімінен кейін Қазақстанда спорттың құрал-жабдықтарға тексеру жүргізілмек. Бұл туралы Үкіметтің кулуарында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді


"Тергеу жүргізілуде. Білім басқармасына кешеден бастап барлық мектептердің спорт алаңдарын тексеру тапсырылды. Астанада ғана емес, еліміздің барлық өңірлерінде спорт алаңдары мен жабдықтар тексеріледі", - деді министр.


Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мектептерде ведомство өрт қауіпсіздігі желісі бойынша тексерулер жүргізіп жатқанын атап өтті. Министр мектептердің басшылығы қауіпсіздік техникасы бойынша күнделікті нұсқама жүргізуі қажет екенін айтты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.