Төтенше жағдайлар департаменті аудандарға рейд жүргізді

254
Қармақшы ауданында төтенше жағдайлар бөлімі рейд жүргізді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Өмірдің өзегі, тіршіліктің көзі әдетте осы судан басталады деп жатамыз. Алайда соның кесірінен көп адамның өмірі үзіліп, дәм-тұзы таусылатыны да жасырын емес. Жаз маусымы келісімен суға шомылу кезеңі де басталады. Жыл сайын төтенше жағдай органдары  кезекті қауіпсіздік ережерелімен таныстырса да, адам шығынын болдырмау мүмкін болмай отыр. Оның бірден-бір себебі суға  шомылу алдында, қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан туындап жатыр. Осы орайда, 


"Қармақшы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, №8 және №10 өрт сөндіру бөлімдері мен аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, күнделікті су айдындарында балалар мен ересектердің суда қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау мақсатында рейдтік іс-шараларды жүргізіп, судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді", - дейді Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті. 

Және де,
Шиелі ауданы Төтенше жағдайлар бөліміде тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді, - "Шиелі ауданы азаматтық қорғау гарнизонының қызметкерлері су айдындарында қайғылы оқиғалардың алдын-алу және оны болдырмау мақсатында аудан тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, арнайы әзірленген үнпарақтарды таратты"