Сәуір айынан бастап тіркелмеген мопедтердің жүруіне тыйым салынады
Қазақстанда 2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде көліктермен бірдей етіп теңестіріледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ішкі істер министрлігі мопедтерді тіркеудің жолын көрсетті. Оларды пайдалану үшін:
полицияда тіркелу;
А1, А немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі;
техникалық тексеру;
азаматтық жауапкершілікті сақтандырудан өткізу қажет болады.
Тіркелу үшін тұрғылықты жері бойынша арнайы ХҚО-ға мына құжаттарды ұсыну қажет:
жеке куәлік (электронды түрде болуы мүмкін);
мопедтің техникалық құжаты немесе сипаттамалары.
Кейін өтініш толтырып, мопедті тексерістен өткізіп, қажетті мемлекеттік баждарды төлеу керек.