Әйел сәбиін үйінде босанып, мүрдесін қоқысқа тастаған

1 387

Фото: pixabay.comӨскеменде 44 жастағы әйел баланы өз үйінде медициналық жәрдемсіз босанған. Баланы өлі туған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға өткен жексенбіде болған. Әйел баласының өлі туғанын көріп, денесін қоқысқа тастапты. Әйел жүктілік бойынша есепте тұрмаған. Және бірде-бір рет дәрігерге қаралмаған. Кейін оны жедел жәрдем бригадасы ауруханаға жатқызды.

Шығыс Қазақстан облысының полициясы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Әйелдің жеке басы анықталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр», деп хабарлады ПД.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.