Балаларының көзінше ұрып, атынан 2 миллион теңге кредит алған

1 500

Фото: Розаның әпкесіненШымкент қаласының маңайындағы Шұбарсу ауылында ер адам әйелін аяусыз соққыға жығып келді деп айыпталды. Әпкесінің айтуынша, тіпті күйеуі 2 жас пен 7 айлық баланың алдында да оны сабаған, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпараттық агенттігі.

Редакциямызға Эльмира есімді әпкесі сіңілісі Розаның жағдайы толыққанды ақпарат берді. Сөзінше, осы күнге дейін шеккен азабын сіңілісі жасырып келген. Ал оқиғаны Эльмира оқиға болған күні ертесінде хабардар болған.

“Олар кешкі уақытта екі баласын алып кафеге барған. Кафеде сіңілім жанұя болып суретке түсуді  ұсынғанда, күйеуі ашуланып, “кімге көрсете алмай жүрсің, не істейсің оны?” деп ұрысқан. Сол жерде сіңілім ренжіп, кафеден шығып, көлікке отырған. Көлікте кетіп бара жатқан кезде жылап отырған сіңіліме бірнеше рет бетінен жұдырықпен ұрған”, – деді әпкесі Эльмира. 

Фото: Розаның әпкесіненЭльмираның сөзінше, Роза күйеуіне бірнеше рет арыз жазса да, кейін оны қайтарып алып отырған. Барлығы жақсы болып, күйеуінің ұруын қоятынына сенген. 

“Оның ұрып-соғуы тоқтар емес. Әке-шешесі қайтыс болған, ал ол соны бетіне баса береді. “Сенің әке-шешең жоқ, жетімсің”, “Ақымақсың” сынды өте ауыр сөздер айтқан. Қазір үйден қуып жатыр. Оның атына несие, микрозайм, бөліп төлеу алып тастаған. Жеке кәсіпкер ретінде салығы бар, соны уақыты келгенде төлеймін деп қойып қойған ақшасын да алып алған. Қазір банк шоттарының барлығы бұғатталған”, – деді Розаның әпкесі.

Эльмира Розаны күйеуі бұған дейін де ұрып келгенін айтты. Видеоға түсіргенін телефонынан өшіріп тастап отырған. Ал екінші қызын босанғанда, үкіметтен түсетін жәрдемақыны өзі алып кетіп отырған. 

“Кеше полицияға барып, арыз жазса, оны қабылдамаған. Бірақ әлеуметтік желіге шыққан ақпараттан кейін ғана арызын қабылдаған”, – деді Эльмира.

Әпкесі қазір Роза әлі де күйеуінің отбасымен бірге тұрып жатқанын мәлімдеді. Сөзінше, ол “ажыраспаймын, кетсем ұят болады” сынды оймен әлі кетпей отыр.

“Маған соңғы жазғанында, “болды, кетемін” деп үзілді-кесілді айтты. Тіпті оған пышақ алып жүгірген кездері де болған екен. Оған қазір біз де қайт деп жатырмыз. Ағалары барып алып кетейін десе, полиция Шымкентте болу керектігін айтты. Ол жақта оның ешкімі жоқ, барлық жақыны Алматы облысында”, – деді әпкесі. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.