Су тасқынынан зардап шеккен диқандарға 300 миллиард теңге бөлінеді
Биыл «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі көктемгі егіс және егін жинау науқанын қаржыландыруды 300 млрд теңгеге арттырады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Холдинг мәліметінше, 300 млрд теңге агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдауға бөлінеді. Осылайша, «Бәйтерек» фермерлерді жеңілдікпен қаржыландырудың жаңа бағдарламасын іске қосады.
Алғаш рет «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аталған бағдарлама шеңберінде кепілмен қамтамасыз ету бойынша шектеулерге тап болған фермерлерге несиенің 85%-ына кепілдік береді. Бұл азық-түлік қауіпсіздігін едәуір нығайтады және ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Осылайша, биыл «Бәйтерек» көктемгі егіс және егін жинау науқанын қаржыландыруды 440 млрд теңгеге жеткізеді.
Холдинг агроөнеркәсіптік кешенді қолдау үшін нарықтық ресурстарды барынша пайдаланып, нарық пен банктердің қаражатын айналымға белсенді түрде тартады.
Биыл 29 сәуірден бастап жаңа бағдарлама іске қосылады. Ол холдингтің еншілес құрылымдары арқылы жүргізіледі.