Төртінші бала туылғанда 5000 доллар төленуі керек - депутат
Отбасында төртінші бала туылғанда немесе отбасыда ерекше бала болса 5 000 АҚШ доллары төленуі керек,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Депутат премьер-министрге жолдаған сауалындда Қазақстанда 550 мың көпбалалы және 107 мың ерекше бала тәрибелеп отырған отбасы барын айтты. Олардың жартысынан көбі баспанасыз. Осылай деген депутат Гаухар Танашева ерекше балаларды тәрбиелеп отырған немесе көпбалалы отбасылардың мәселесін көтерді.
Танашеваның айтуынша, қазіргі біздің елімізде болып жатқан мәселелердің барлығы осы жоқшылықтың кесірінен. Қаншама ата-аналар осылай табыс табу үшін бірнеше жұмыста істеп балаларын үйде қараусыз қалдыруға мәжбүр.
Депутат мәлімдегендей, демографияны көтеріп, жатқан көпбалалы отбасылардың біразы кедейшілікте өмір сүріп жатыр. Танашева халық саны туралы мәліметтерді салыстыра отырып, Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан бері халық саны 16 миллионнан 20 миллионға, яғни 32 жылда 4 миллионға ғана өскенін айтты. Мәжілісмен демографиялық саясатты жүзеге асыруда қаржылық қолдау көрсетуге күш салып жатқан елдерді мысалға алды.
Гаухар Танашева атап өткендей, бұл механизм тиімді және іс жүзінде өзінің нәтижесін көрсетті. Бірақ мұндай жүйені енгізу мүмкіндігі басқа елдердің оң тәжірибесіне қарамастан Қазақстанда әлі қарастырылмаған.
"Отбасылық капитал" сияқты мемлекеттік қолдаудың мұндай жүйесін енгізу елімізде халық санын айтарлықтай арттырады және қиын жағдайға тап болған отбасыларға қай жағынан болса да нақты көмек болады деп атап өтті мәжілісмен.