Жұмыстан ерте қайтқысы келген: Ақтаулық тұрғын СОО-ға бомба қойылды деп хабарлап, 2 жылға сотталған

1 512

Фото: Opennews.kz ЖИ18 жастағы жігіт Telegram-дағы белгісіз қолданушы арқылы алдымен танысының деректерімен тұрғын үйге бомба қойылғаны және 78 млн теңге талап етілгені туралы жалған хабарлама жіберуге атсалысқан, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Кейін жұмыс ауысымын ерте аяқтау үшін өзі істейтін «Актау» сауда-ойын-сауық орталығының ішін видеоға түсіріп жіберіп, ғимаратқа 70 шағын бомба қойылғаны туралы екінші хабарламаны ұйымдастырған. Тексеру кезінде ешқандай жарылғыш зат табылмады.

Ақтау қалалық соты жігітті кінәлі деп танып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сонымен қатар ол 200 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылып, шұғыл қызметтердің шығыны мен өтемақы қорына 70 мың теңгеге жуық қаражат төлейтін болды. Хабарламаны тікелей жіберген тұлға әзірге анықталған жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.