Қайғылы оқиға: 3-қабаттан құлаған сәби көз жұмды

2 377

Фото: pexelПавлодарда 3-қабаттағы балконнан құлап кеткен сәби қайтыс болды. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ресми мәліметке сәйкес, 19 шілде күні Ладожская көшесіндегі үйде сәби ата-анасының қарауынсыз қалып, балконнан үйдің күнқағарына құлап кеткен. Ауыр жарақат алған бала дереу ауруханаға жеткізілгенімен, 20 шілде күні жан тапсырды.


Полиция өкілдері оқиғаның себептері мен мән-жайы тексерілетінін, нәтижесінде анасының әрекетіне құқықтық баға берілетінін хабарлады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.