Бір топ ер адам 24 жастағы жігітке шабуыл жасап, пышақтап өлтірген

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИТаразда бір топ ер адамның шабуылынан 24 жастағы жігіт қаза тапты. Оқиға Абай көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған, - деп хабарлайды  Opennews.kz   ақпарат агенттігі.

Куәгерлердің айтуынша, сағат 17:00 шамасында бірнеше адам жас жігітке жабылып, оған пышақ жарақаттарын салған. Осыдан кейін шабуыл жасағандар оқиға орнынан қашып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан жігіт оқиға орнында көз жұмды.

Бейресми ақпарат бойынша, жанжалға қызға қатысты қарым-қатынас себеп болуы мүмкін. Болжам бойынша, қаза тапқан жігіт шабуылға қатысушылардың бірінің сүйіктісімен сөйлескен. Алайда бұл нұсқа ресми түрде расталған жоқ.

Жамбыл облысының Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдіктілердің бірі ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Тергеу барысы Жамбыл облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.