ҰҚШҰ бітімгершілік күштері Қазақстаннан шыға бастады

383

Бүгін 13 қаңтарда ҰҚШҰ бітімгершілік күші Қазақстаннан шыға бастайды. Олар қорғауға тиісті стратегиялық нысандарды біздің әскерге тапсырылып, он күн ішінде елден шығарылу жоспарланған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.


Қазір елімізде Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армениядан келген 2000-ға жуық әскери қызметкер бар. Олар еліміздегі тіртіпзісдік кезеңінде ұрыс қимылдарына қатыспады. Себебі ҰҚШҰ-ның негізгі міндеті стратегиялық нысандарды қорғау болатын.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы күштерінің уақытша штабы Құрлық әскерлері Әскери институтының аумағында орналастырылған болатын. Бүгін бітімгерлер әкелген техникаларымен бірге өз елдерінің тұрақты орналасу пунктеріне жіберіледі.

Еске салсақ президент Қасым Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттерге еліміздегі жағдайды тұрақтандыруға жәрдемдесу үшін бітімгершілік күштерін жіберу туралы уақытылы өтініш жасаған болатын.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.