Ақтөбеде тағы бірнеше мектепке "бомба қойылды" деген хабарлама түсті

392
Ақтөбе қаласында кеше бірінші қыркүйекте 6 мектепте алғашқы қоңырау салтанаты өткен жоқ.

Тәртіп сақшылары мен саперлар жедел қимылдап, іздеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар қылмыстық іс те қозғалды. 

Алайда бүгін тағы да бірінші кезеңде оқитын балалардың сабағы болмай қалды. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, тағы да "№2, 1, 2, 21, 22, 51, 56 орта мектептерде бомба бар" деген хабарлама түсіп, іздеу шаралары жүргізілген. 

"Кешегі білім ордаларына сондай мәтінмен ертемен тағы да хат түсті. Тиісті органдарға хабарлама бердік. Тексеру шаралары жүргізіліп жатыр",- делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетейік, кеше Ақтөбеде алты мектепке "бомба қойылды" деген жалған ақпарат тараған болатын.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.