Өскемен-Алматы тас жолындағы апаттан екі адам қайтыс болды

275

Фото: polisia.kz

6 қыркүйек сағат 11:27 шамасында Шығыс Қазақстан облысында қайғылы жол апаты болды, - деп хабарлайды Opennews.kz "Адырнаға" сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан облысында Ұлан ауданында Өскемен-Алматы тас жолының 45 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды.
Toyota Ipsum автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, алдында келе жатқан КамАЗбен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктегі 38 және 44 жастағы екі жолаушы түрлі дене жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды.
Аталған автомобильдің 24 жастағы жүргізушісі, 40 және 20 жастағы екі жолаушысы медициналық мекемеге жатқызылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.