Қызылорда көк түтіннің астында қалды
Қызылорда қаласының тұрғындары қоқыс полигонынан шыққан өрттің түтінінен тұншығуда,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Қала іргесінде экологиялық-санитарлық талаптарға сәйкес қалдықтарды өңдеу үшін салынған қоқыс полигонынан шыққан көк түтін қала аумағына кеңінен таралуда. Соңғы күндері Сыр халқы әлеуметтік желілерде қоқыс полигонындағы өрттің салдарынан дем алу мүмкін еместігін айтып шағымдануда. Қала экологиясына елеулі зиянын тигізіп жатыр. Сол маңдағы жер үйлерде тұратын азаматтар наразылықтарын білдіруде. Балалар қара түтінді жұтпас үшін сыртқа шығып ойнаудан қалды.
«Кеше кешкісін бөртенді. Түнімен тереземізді жауап жаттық. Иісі мүмкін емес. Таң азанда көк түтіннен көз аша алмадық»,- дейді Айтуған Маханов.
Ауаның бұзылғандығын айтқан жұрт өз денсаулықтары үшін алаңдайды. Ал полигоннан шыққан өрт өздігінен пайда болынғандығын алға тартқан Қызылорда Тазалығының мәліметінше
«Үстіміздегі жылдың 28 наурыз күні тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонда қоқыс өздігінен жана бастады. Өрт сөндіру бөлімшелері өртті жойып, «Қызылорда Тазалығы» жұмысшылары жанып жатқан қалдықтарды топырақпен толтыру жұмыстарын жүргізді»,-делінген хабарламада.
Салынған қоқыс полигонын о баста қайта сұрыптау деп таныған алаң өртке орануына не себеп? Қоғам белсендісінің бірі Тәуекел Күзембаевтың арнайы түсірген видеосы да Youtube арнасында арнайы жариялаған болатын.
Жағымсыз түтін иісі әсіресе қаланың Белкөл кенті мен жақын орналасқан қала кіреберісінде қатты сезілді. Қала тұрғындары жағымсыз иістің нақты себебін біле алмады.
Тұрмыстық қалдықты жинақтап, жоятын полигонда шыққан өрт түтіні шамамен бір гектар аумаққа дейін тараған.
Экологиялық талаптарға сәйкес, полигонға пластик пен қағаз түріндегі қалдықтарды көмуге болмайтындықтан, бірінші кезекте сұрыптау кешенін салып жатырмыз. Уақыт өте келе қалдықтарды қайта өңдеуді жолға қоюды жоспарлап отырған әкімдік те, мердігер мекеме де жоқ.
Естеріңізге сала кетсек, «Қызылордадағы 1 миллиард 415 миллионға бағаланған «қоқыс ПОЛИГОНЫ» қайда? » атты мақаламызда ашық көрсеткен болатынбыз.
Аңқаңды ашытып, танауыңды тесетін өткір иіс желдің екпінімен жан-жақтағы ауылдарға таралған. Соның салдарынан осы маңда тұратын 20 мыңға тарта тұрғын кешелі бері есік-терезені ашып, «еркін тыныстаудан қалдық» деп ашынып отыр. Көк түтінге көмілген жұрт бүгін полигон жылда өртенетінін айтады. Күн жылынса болды айналаны қою түтін мен сасық иіс көміп қалады екен. Сондықтан тұрғындар ауыл іргесіндегі полигон тиісті сала мамандары бақылауға алса дейді.