Балаларға паспорт жасау құны екі есе арзандады

1 673

Фото: Ашық дерек көзіБиылғы 1 қаңтардан бастап балаға төлқұжат дайындау үшін төленетін мемлекеттік баж мөлшері өзгерді. Егер бұрын балалар төлқұжатының құны 8 АЕК-ті құраса, қазір екі есе аз төлейді. Енді оны дайындау үшін ата-аналар 4 АЕК немесе 14 768 теңге төлейді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Қазақстандықтар жеке куәлікті 16 жастан бастап алатын болса, төлқұжатты кез келген жаста алуға болады. Бұл құжатты рәсімдеу үшін міндетті түрде ХҚКО-ға жүгіну қажет. Баланың төлқұжатын рәсімдеу кезінде оның туу туралы куәлігін, ата-анасының бірінің жеке куәлігін және баж салығын төлеу туралы түбіртекті ұсыну керек», - деп түсіндірді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының PR-менеджері Алтынай Татаева.


Бұл ретте қызметке өтініш білдіру үшін баланың ата-анасының бірі келуі міндетті. Қызмет көрсетудің стандартты мерзімі – 15 жұмыс күні. Алайда, қосымша төлем жасау арқылы бұл процесті жеделдетуге болады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.