Қазақстан 12 жылға 46 миллиард теңге қарыз алады
Қазақстан Халықаралық қайта құру және даму банкiнен (ХҚДБ) шамамен 46 миллиард теңге көлемінде қарыз алады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында белгілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновтың айтуынша, былтырғы желтоқсанда Қазақстан мен ХҚДБ арасында республиканың инклюзивті экономикасын жедел цифрландыру жобасы аясында қарыз алу туралы келісімге қол қойылған.
Мәжіліс кулуарында Tengrinews.kz тілшісі депутаттан нақты қандай сома туралы сөз болып отырғанын сұрады.
Қарыз мерзімі – 12 жыл. Бұған дейін айтылғандай, бұл қаражат шалғайдағы ауылдарға интернет тартуға бағытталмақ.
21 мамырдағы мәлімет бойынша, жапон иенінің бағамы – 3,54 теңге.
Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ) – Дүниежүзілік банктің негізгі несиелік ұйымы, БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі, 1944 жылы Халықаралық валюта қорымен бірге құрылған мемлекетаралық инвестициялық институт.







