60-тан астам ауылда арақ-шарап мүлде сатылмайды

1 377

Фото: pixabay.comҚарағандыда арақ - шарап сатпаудың нәтижесінде бір жылдың ішінде  елдімекендерде бірде-бір қылмыс тіркелмеген екен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Салауатты өмір салтын ұстанатын ауылдар жайлы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров облыс әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңесте айтқан. Кездесуде жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланыпты.


Облыста "Ішімдіксіз ауыл" жобасы жүзеге асырылуда. Қазірдің өзінде 63 елді мекенде тұрғындар алкогольді ішімдіктерді сатудан және түрлі шараларда оларды пайдаланудан мүлдем бас тартқан. Қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды ауыл ақсақалдары мен үлкендер жүргізеді. Жоба оң нәтиже берді. Жыл басынан бері бұл елді мекендерде бірде-бір қылмыс орын алған жоқ, - дейді Жасқайрат Қайыров.

Оның айтуынша, облыстың барлық жеті ауданында осындай ауылдар бар. Олардың басым бөлігі Ақтоғай, Қарқаралы және Осакаров аудандарында екен.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.