Елімізде тағы бір автожол учаскесі ақылы болмақ

1 392

Фото:  t.me/qazavtojolКөлік министрі 2025 жылғы 9 қаңтардағы «Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Қызылорда – Арал учаскесін ақылы негізде пайдалану туралы» бұйрыққа қол қойды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, II санаттағы Ресей Федерациясы шекарасы (Самара) – Шымкент республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолының Қызылорда – Арал 1806+000 – 1351+150 километр учаскесі ақылы негізде пайдаланылады.

Бұл ретте, келесі баламалы жолдар арқылы жүруге болады:

«Қызылорда – Павлодар – Успенка – Ресей Федерациясы шекарасы» республикалық маңызы бар автожолының «Қызылорда – Жезқазған» учаскесі,

«Жезқазған – Петропавловск» республикалық маңызы бар автожолының «Жезқазған – Арқалық» учаскесі,

«Арқалық – Торғай» облыстық маңызы бар автожолы, «Торғай – Шеген – Ақшығанақ – Дүкен – Ырғыз» аудандық маңызы бар автожолы,

«Ресей Федерациясы шекарасы (Самараға) – Шымкент» республикалық маңызы бар автожолының «Ырғыз – Арал» учаскесі;

Ақылы жолдың (учаскенің) бастапқы пункті –1806+000 км, ақылы жолдың (учаскенің) соңғы пункті –1351+150 км;

Автомобиль жолындағы қозғалыс жолағының саны – екі бағытта – бір жолақ;

Ақылы жолдың (учаскенің) ұзақтығы – 454 км 850 метр;

Сондай-ақ, жолдың ақылы учаскесі бойынша жол жүру ставкалары бекітілді.

Сонымен, ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері:

16 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 2,5 т дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі — 0,8478 АЕК (кейінгі төлем), 0,7205 АЕК (алдын ала төлем),

32 орын­ға дей­ін­гі ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 5,5 т дей­ін жүк ав­то­мо­биль­де­рі — 1,7145 АЕК (кейінгі төлем), 1,4572 АЕК (алдын ала төлем),

32 орын нан аса­тын ав­то­бу­стар және жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 т дей­ін ав­то­по­ез­дар — 2,5623 АЕК (кейінгі төлем), 2,1777 АЕК (алдын ала төлем).

Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 10 т жо­ға­ры 15 т дей­ін­гі жүк ав­то­мо­биль­де­рі — 3,4290 АЕК (кейінгі төлем), 2,9144 АЕК (алдын ала төлем),

Жүк кө­тер­гіш­ті­гі 15 т жо­ға­ры жүк ав­то­мо­биль­де­рі, оның ішін­де тір­ке­ме­ле­рі бар ер­шік­ті тарт­қы­штар — 4,2768 АЕК (кейінгі төлем), 3,6349 АЕК (алдын ала төлем).

2025 жылы 1 АЕК 3 932 теңгені құрайды.

Сонымен қатар, айлық және жылдық жол жүру ақысы қарастырылған.

Бұйрық 2025 жылдың 26 қаңтарынан бастап енгізіледі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.