Ауруханада науқастарға құрттаған тамақ берілген
Ақмола облысы Степногор қаласындағы ауруханада науқастарға құрттаған тағам берілген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Тамақтың ішінде жәндік қалқып жүргенін емделушілер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.
Аурухананың инфекциялық бөлімшесіне балаларымен ем-дом алуға келген аналар түскі асқа берілген сусында құрт жүргенін байқаған. Емделушілер құрттаған сусынға ғана емес, жалпы ауруханадағы тағамға көңілі толмайтынын айтты. Тамағы дәмсіз болғандықтан, пациенттер ас ішуден бас тартқан.
Қаз
Рус






