Ауруханада науқастарға құрттаған тамақ берілген

1 583

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан кадрАқмола облысы Степногор қаласындағы ауруханада науқастарға құрттаған тағам берілген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Тамақтың ішінде жәндік қалқып жүргенін емделушілер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. 


Аурухананың инфекциялық бөлімшесіне балаларымен ем-дом алуға келген аналар түскі асқа берілген сусында құрт жүргенін байқаған. Емделушілер құрттаған сусынға ғана емес, жалпы ауруханадағы тағамға көңілі толмайтынын айтты. Тамағы дәмсіз болғандықтан, пациенттер ас ішуден бас тартқан. 


“Аумақ басқармасымен жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі. Ол тексеріс прокуратура органдарына тіркеліп жүргізіледі. Бұған дейін ол тексерілген, жоспарлы түрде, биыл ақпан айында. Аталған факті бойынша ондай бұзушылықтар болған емес”, – деді Ақмола облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.