Қызылордада 150 отбасы баспаналы болды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова облыс орталығында пәтер кілттерін табыстау шарасына қатысты. Дарияның сол жағалауында 10 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, кезектегі 150 отбасы баспаналы болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Салтанатты шарада сөз алған вице-премьер, пәтер кілтін алғандарды құттықтап, азаматтарға жайлы жағдай жасау мәселесі Мемлекет басшысының тұрақты назарында екенін жеткізді.
Аймақ басшы Нұрлыбек Нәлібаев баспаналы болған азаматтарға игі тілегін білдіріп, жұрт қуанышына ортақтасты.
Пәтер алғандар арасында Гүлсезім Убайділдә бар. Жолдасымен жетімдер санатында кезекте тұрған. Бұған дейін жалдамалы пәтерлерде тұрып келген. Енді екі баланың анасы екі бөлмелі пәтердің иесі атанып отыр.
Айта кетейік, баспаналардың құрылысына республикалық бюджеттен 8,5 млрд теңге бөлінген болатын. Бұл қаржыға 5 қабатты үйлер бой көтерді.
Қаз
Рус






