Қызылордада каналдан ер адамның денесі табылды
1 678
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қызылорда қаласындағы каналдан белгісіз жағдайда қаза болған 50 жастағы адамның жансыз денесі табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Skifnews.kz ақпарат порталының мәліметінше, оқиға Қызылорда қаласына қарасты «Бәйтерек» шағын ауданы маңындағы «Ардақ» суару каналында болған.
«Облыстық төтенше жағдайлар департаменті Жедел құтқару жасағының күшімен каналдан белгісіз жағдайда қаза болған 1973 жылы туған адамның мәйіті шығарылды. Оқиға орнында 5 құтқарушы 1 техника,1 қайықпен жұмыс істеді. Суару каналының ені 10 метр болса, тереңдігі – 1 метр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Қаз
Рус






