Қызылордада каналдан ер адамның денесі табылды

1 675

Фото: ашық дерек көзіҚызылорда қаласындағы каналдан белгісіз жағдайда қаза болған 50 жастағы адамның жансыз денесі табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Skifnews.kz ақпарат порталының мәліметінше, оқиға Қызылорда қаласына қарасты «Бәйтерек» шағын ауданы маңындағы «Ардақ» суару каналында болған.

«Облыстық төтенше жағдайлар департаменті Жедел құтқару жасағының күшімен каналдан белгісіз жағдайда қаза болған 1973 жылы туған адамның мәйіті шығарылды. Оқиға орнында 5 құтқарушы 1 техника,1 қайықпен жұмыс істеді. Суару каналының ені 10 метр болса, тереңдігі – 1 метр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.