НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ: КЕМШІЛІКТЕР КЕПІЛДІК МЕРЗІМІ АЯҚТАЛҒАНША ТҮЗЕТІЛУІ ТИІС

1 542

Фото: Облыс әкімдігіОблыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте Үкімет басшысы Олжас Бектенов бастаған делегацияның Сыр өңіріне жасаған сапарының қорытындысы мен берілген тапсырмалардың, Қызылорда қаласындағы кейбір мәселелер туралы талқыланды, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


«Кеше облысқа ресми жұмыс сапармен келген Үкімет делегациясы өңірдегі жұмыстармен танысты. Қарқынды құрылыс алаңына айналған облыс орталығындағы нысандарға тоқтады. Биыл Мемлекет басшысының қолдауымен қаланы ыстық сумен қамтамасыз ету мәселесі оң шешімін тапты. Қала мен оған қарасты елді мекендерде көшелер жөнделіп, жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Үкімет басшысы қолға алынған жұмыстарға оң бағасын берді», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.


Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласындағы 2022-2023 жылдары жөндеуден өткен, кепілдік мерзімі бар көшелерді визуалды қараудан және бақылаудан өткізгенде бірқатар кемшіліктер анықталды. Атап айтқанда, алдыңғы жылы жөнделген 49 көшенің 15-інен,  былтыр жөнделген 56 көшенің 11-інен ақау шыққаны белгілі болды. Қала әкімі Серік Қожаниязов өз кезегінде осы кемшіліктерді түзетуде атқарылған жұмыстарды рет-ретімен баяндады. Қызылорда қаласы әкімдігіне келісім-шартта көрсетілген кепілдік мерзіміне сәйкес іс-шара жоспарын бекітіп, анықталған ақауларды 1 ай ішінде қайта қалпына келтіру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Жиында құрылыс, сәулет және қала құрылысы, энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшылары жаңа нысандар құрылысы, инфрақұрылым желілерін дамыту туралы баяндады. Атап айтқанда сол жағалаудағы құрылыстар, алдағы жылу маусымына дайындық, ескі көпқабатты тұрғын үйлерді қайта жаңғырту,  жаяу жүргіншілер жолын салу жоспарлары талқыланды. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер мен ұсыныстар бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіледі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.