Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының қызметкері 82 млн теңгені жымқырған

1 070
Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының қызметкері 82 млн теңгеден аса қаржыны мекемеде жұмыс істемейтін адамдардың атына еңбек демалысының төлемі ретінде рәсімдеген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Алматы көлік прокуратурасы «ҚТЖ Жүк тасымалы» «Алматы жол бөлімшесі» филиалының лауазымды тұлғасының аса ірі мөлшерде ақша ұрлау фактісін анықтады.

«К» лауазымды тұлға мекемеге қатысы жоқ азаматтардың банктік шоттарына 82 млн теңгеден астам соманы демалыс төлемі аударған. Сондай-ақ, ол аударылған соманы өз қажеттілігіне жұмсаған.

Аталған факт бойынша материалдар Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша «аса ірі мөлшерде кінәліге сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру іс жүргізу шешімін қабылдау үшін экономикалық тергеу қызметіне жіберілді.

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының 17 қаңтардағы үкімімен «К» 5 жыл мерзімге лауазымды қызметпен айналысу құқығынан айрыла отырып, кінәлі деп танылып, 7 жылға шартты түрде сотталды, - деп хабарлайды ведомстводан.

Үкім заңды күшіне енді. Келтірілген материалдық залал толығымен өтелді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.