Педофилдерге Қазақстанға кіруге өмір бойына тыйым салынады

231
Парламент мәжілісі халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Депутат Ғазиз Зейнел-Ғабиденұлы Құлахметов "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы" туралы, "Халықтың көші-қоны туралы" заңдар Қазақстанға кіруге тыйым салынатын қосымша негіздемелермен толықтырылатынын айтты.

Балаларды қылмыстық құқықбұзушылықтан қорғау мақсатында педофилдерге елге кіруге өмір бойына тыйым салынады.

"Кәмелет жасына толмаған балаларға сексуалдық сипаттағы қылмыс жасағандарға Қазақстанға келуіне өмір бойына тыйым салынады. Сонымен қатар, Қазақстанда тұрақты мекендеуіне және Қазақстан азаматтығын алу туралы иммигранттық өтінішін қабылдауға да рұқсат берілмейді", - деді Құлахметов.

Бұдан бөлек, экстремизм мен терроризимге қатысы бар немесе Қазақстанда экстремистік және террористік деп танылған ұйымға қатысы бар шетелдіктерге елге кіруге тыйым салынады.

Ұлттық қауіпсіздік органдарына тыйым салу себебін түсіндіру құқығы беріледі.

Сондай-ақ "Халықтың көші-қоны туралы" заңға халықтың көші-қон мәселелерін реттеуге мемлекеттік бақылау орнату туралы жаңа тарау енгізіледі.

Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда бірауыздан мақұлдады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.