Әйелі сабап, мүгедек қылған күйеуін қоныс колониясына ауыстырғанына қарсы

1 539

Фото: Видеодан скрин/instagram.com/advokatzhannaАқмола облысында бұрынғы күйеуінің соққысынан мүгедек болып қалған семейлік тұрғын аппеляциялық соттың шешіміне наразы, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Екі баласының көзінше ауыр соққыға жығылған Алтынай Нұрсолтанованың айтуынша, сот экс-күйеуінің жазасын жеңілдетіп, қоныс колониясына ауыстырған. Бұл шешім жәбірленушінің қауіпсіздігіне қатер төндіріп отыр, дейді ол.

Қатты соққы салдарынан әйелдің бас және бет сүйектері сынып, миы шайқалған. Қазір үшінші топтағы мүгедек, бірнеше рет ота жасатқан. Апта сайын қымбат дәрі-дәрмекке мұқтаж. Алтынай сот шешімінен кейін өз өмірі мен балаларының қауіпсіздігі үшін алаңдайтынын жеткізді.

Оқиға 2023 жылы болған. Әсет Аюпов жұбайын кәмелетке толмаған екі баласының көзінше соққыға жыққан. Алғашында ол 6 жыл 8 айға сотталғанымен, кейін жазасы жеңілдетілген. Апелляциялық сот бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Сот өкілдері сотталушының жазасының бір бөлігін өтегенін және тәртібінің оң екенін алға тартса, жәбірленуші мұны әділетсіз деп санайды. Ол балалардың да психологиялық зардап шеккенін айтып, кассациялық сотқа шағым түсірмек.