3500 ауылды дамытамыз деп бөлінген қаржы 2840-ына жетпей қалған

323

Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Альберт Рау "Ауыл – ел бесігі" жобасын сынға алды. Өйткені даму әлеуеті бар деп таңдап алынған 3,5 мың ауылдың 2840-ына қаржы әлі жетпеген,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Депутат бағдарламаның игілігін бар-жоғы 660 ауыл ғана көргенін айтты. 

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, бұл жоба аясында 6293 елді мекеннің ішінде даму әлеуеті бар 3500 ауыл таңдалып алынған. Бұл жерлерде еліміздегі жалпы ауыл халқының 80 пайызы тұрады. Бірақ биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бұл ауылдардың барлығына бірдей қаржы бөлінбеген.

3 жылдың ішінде бұл жобаның қызығын ауылдардың бар-жоғы 18 пайызы ғана көрген. Енді алдағы 4 жылда 2870 ауыл қамтылуы керек. Бірақ ұлттық жобаның орындалмай қалу қаупі жоғары. Қазірдің өзінде байқалады,— дейді депутат Альберт Рау.