TikTok-та балағат сөз айтқан әйел жындыханаға мәжбүрлі түрде жатқызылды
Абай облысында полиция қызметкерлері TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде былапыт сөздер айтқан әйелді анықтады, - деп Opennews.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция мәліметінше, әйелдің жеке басы жедел анықталған. Ол психикалық денсаулық орталығына үш ай мерзімге мәжбүрлі түрде жатқызылды. Ол – Семей қаласының 53 жастағы тұрғыны Мадина Баяхметова. Тамыз айында да осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін сот оған әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындаған.
Бұл жолы полиция қызметкерлері әйелдің тұрғылықты мекенжайына жедел жәрдем бригадасымен бірге барған. Сондай-ақ оның бірге тұратын азаматы тарапынан шағым түскені белгілі болды.
Әйел психикалық денсаулық орталығында үш ай мерзім бойы мәжбүрлі түрде ем қабылдайды.
Қаз
Рус






