"Мектеп бітірушілер кешінде сыныптасымен вальс билеген қыз ертең не болмақ?" - имам

240

Өзбекстанда имам мектеп бітіру кешінде вальс билеген қыздарға ешкім үйленбейтінін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



"Міне, мектеп бітіру кешінде не болып жатқанын қараңыз! Егер түлек болса, ол қалағанын істей ме? Неліктен мектеп оқушыларына кештер өткізіп, демалуға рұқсат бересіздер? Неліктен оларға вальс билеуге рұқсат етесіздер? Мұғалімдер қайда қарап отыр? Енді мектеп бітірушілер кешінде сыныптасымен вальс билеген қыз ертең не болмақ? Ал оның биін жұртшылық ғаламтордан көрсе ше? Ертең оған кім үйленеді? Тәрбиесі қалыпты адам мұндай қызды әйелдікке алмайды. Ол күйеуіне қалай адал болады? Әрине ұятқа қалады”, – деді Егамбердиев.


Имам одан бөлек ел азаматтарының шетелде жұмыс істеуіне қарсы шықты.


"Олар өз елінде мал баққылары келмесе де, Ресейге барып, шошқаға қарайды", - деді ол.


Имамның осы сөздерінен соң 16 мамырда Өзбекстан Мұсылмандары басқармасының Ішкі бақылау комиссиясы Шукрулло Эгамбердиевтің әлеуметтік желіде айтқан мәлімдемелерін талқылады. Жиында оның әлеуметтік желіде үлкен резонанс тудырған сөздері имам мәртебесіне сәйкес келмейтіні баса айтылды.


Егамбердиев өз сөзінде қателескенін мойындап, кешірім сұрады. Имам-хатиб алдағы қызметінде мұндай кемшіліктерге жол бермейтініне уәде етті.


Ішкі бақылау комиссиясы жоғарыда аталғандарды ескере отырып, Шукрулло Егамбердиевке "сөгіс" ретінде тәртіптік жаза қолданып, оны Ташлақ облысының бас имамы қызметінен босатты.