Дәмханадағы болған жарылыс адам өліміне әкелді

1 510

Фото: Видеодан алынған кадрАқмола облысының әкімдігі Щучинск қаласында болған оқиғаға қатысты жаңа деректерді жариялады,- деп хабарлайды Opennews.kz. ақпарат агенттігі.

 Онда бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған бір қабатты кафеде газ-ауа қоспасының жарылысынан қаза тапқандар саны 7 адамға жеткен.

Жедел деректерге сүйенсек, барлығы 26 адам зардап шекті, оның ішінде 7 адам қаза тапты (марқұмдардың арасында 16 жастағы қыз бар). 13 адам Бурабай аудандық ауруханасында жатыр. 6 адам амбулаториялық бақылауға жіберілді, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасы желісі бойынша қосымша медициналық бригадалар жедел түрде жасақталған.

 Барлық қажетті ресурстар жұмылдырылды: мамандар, дәрі-дәрмек, санитарлық авиация оқиға орнына жіберілген. Облыстық жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның себептері анықталып жатыр. Ақмола облысының әкімдігі қаза тапқандардың отбасыларына, сондай-ақ зардап шеккендерге барлық қажетті көмекті көрсетеді, – делінген әкімдік ақпаратында.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.