Қызылорда облысында мектеп-интернатынан өрт шықты

211

Қызылорда облысы Шиелі ауданында мектеп-интернат өртке оранды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Шиелі ауданындағы отқа оранған мектеп-интернат 25 оқушыға лайықталған. Бірақ балалардың жоқтығына байланысты мұнда жаңа оқу жылы басталғалы сабақ процесі жүргізілмейді дейді білім бөліміндегілер. Яғни ғимарат бос тұрған. Ал оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Бірақ тілсіз жаудың неден тұтанғаны әзірге белгісіз.

Жаңа оқу жылында тәрбиеленуші болмауына байланысты жұмысы тоқтатылған. Электр энергиясы көздерінен ажыратылып,жиһаздары көшірілген. Өрт тұтану себебі өртке қарсы қызмет тарапынан анықталып жатыр, - деп хабарлады аудандық білім бөлімі.