Желіде қазақ тілін «мәмбеттердің тілі» деп атаған қыз сотталды

1 564

Фото: Егемен ҚазақстанАлматы соты әлеуметтік желіде қазақ тіліне қатысты жағымсыз пікір білдірген азаматшаны 2 жылға бас бостандығынан айырды,  - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.


Оқиға 2023 жылдың күзінде болған. 21 жастағы Элина Лю Тик-ток желісінде тікелей эфирде қазақ тілін ұнатпайтынын, ол мәмбеттер тілі екенін, мәмбеттердің кесірінен Абай көшесінде кептеліс болатынын айтқан.


Эфир жазбасы интернетте тарап кеткен. Кейіннен оның сөздері сараптамаға жіберіліп, үстінен іс қозғалған. Сарапшы Лю сөздерінде "қазақ ұлтының адамдарына төзбеушілік" және "қазақ ұлтының тілдік белгісі бойынша менсінбейтін бағасы" бар деген қорытындыға келді.


Сотталушы кінәсін мойындамады. Ол"жағымсыз тіл" деп қазақ тіліндегі балағат сөздерді меңзегенін айтты.


"Сот Людің кінәсінің дәлелденгені туралы қорытындыға келді: ол ұлтаралық алауыздықты қоздырумен, ұлттық ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлаумен айналысты... Людің сөздері  Қазақстан Республикасының азаматтарының азаматтық және саяси деструктивті көзқарастарын дамытады", - делінген үкімде.


Сот оны ұлттық араздықты қоздырғаны үшін кінәлі деп тауып, ең төменгі қауіпсіздік колониясына екі жылға бас бостандығынан айырды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.