Ыстық шай өңеш қатерлі ісігінің қаупін арттыруы мүмкін

1 510

Фото: Opennews.kz ЖИДенсаулық сақтау министрлігі тым ыстық шай мен кофе өңеш обырының даму қаупін арттыратынын айтып, қазақстандықтарға ескерту жасады,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Министрлік Оксфорд университетінің ғалымдарының зерттеуінен мысал келтіріп, ыстық сусыннан болатын қауіпті атады.

“Зерттеу барысында 1 миллионға жуық адамның деректері талданған. Нәтижелер көрсеткендей, ішілген сусынның мөлшері ғана емес, оның температурасы да маңызды. Өте ыстық сусындарды ұнататын адамдарда өңештің жалпақ жасушалы обырының даму қаупі жылы сусын ішетіндермен салыстырғанда 3 еседен астам жоғары болған”, – делінген хабарламада. 

Министрліктің түсіндіруінше, күніне алты немесе одан да көп кесе ыстық сусын ішу обырдың осы түрінің даму қаупінің 71%-ға артуымен байланысты болған.

“Сонымен қатар шай мен кофені тұтынудың арасында айтарлықтай айырмашылық анықталмаған. Ғалымдардың пайымдауынша, негізгі рөлді сұйықтықтың жоғары температурасы атқаруы мүмкін. Өйткені ол өңештің шырышты қабығын зақымдауы ықтимал. Сүйікті шайыңыздан немесе кофеңізден бас тартудың қажеті жоқ. Ең бастысы — сусынның сәл салқындауын күтіп, ауыз күйдіретіндей ыстық күйінде ішпеу. Денсаулыққа қамқорлық қарапайым әдеттерден басталады”, – деді ведомство. 

Министрлік кейде ішетін сусынның өзін емес, оның температурасын өзгерту жеткілікті екенін түсіндірді. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.