Сүйінші! Украина соғысына әкетілген қазақ жігіттері аман-есен елге оралды

1 500

Фото:© Видеодан скринЗаңгер Мейірман Шекеев Украинадағы соғыс аумағында жүрген қазақстандықтардың елге оралған сәтінен видео жариялады, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі. 

Ол азаматтардың аман-есен туған жеріне жеткенін айтып, олардың қайтуына көмектескен мемлекеттік органдар мен мемлекет басшысына алғыс білдірді.

«Бұл қуанышты сөзбен жеткізу мүмкін емес»

Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі жазбасында аталмыш істің оң шешілуіне ықпал еткен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Сыртқы істер министрлігінің өкілдеріне және азаматтардың елге қайтуына атсалысқан барша жанға ризашылығын білдірді.

«Бұл қуанышты сөзбен жеткізу мүмкін емес. Көңіл толқығанда не айтарыңды да білмей қалады екенсің… Әуелі Алла, одан соң, әрине, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа, Сыртқы істер министрлігінің осы іске атсалысқан әрбір өкіліне және осы балалардың елге аман-есен оралуына титтей де себепші болған барша азаматтарға ата-аналардың атынан және өз атымнан шын жүректен алғысымды білдіремін», – деп жазды заңгер.

Шекеев жігіттерді Мәскеу әуежайынан шығарып салуға көмектескен Гүлмира есімді азаматша мен Қуандық есімді азаматқа да алғыс айтқан.

«Бұл — ата-ананың көз жасы, отбасының үміті, баланың, қазақстан азаматтарының  елге оралуы. Осы балалардың әрқайсысы бүгін өз жерінде, өз елінде, өз ата-анасының жанында болуы үшін еңбек еткен барша азаматтарға мың алғыс! Кейде ризашылықты сөзбен жеткізу мүмкін емес екен...
Жүректе тек қуаныш.

Жүректе тек  шүкіршілік.  

Жүректе тек алғыс. Алла баршаңызға разы болсын!», – деді ол. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.