Алғашқы оқиға Жалағаш ауданына қарасты Мәдениет ауылында 15 тамызда сағат 09.35 шамасында тіркелді. Тұрғын үй ауласында 200 бау сабан шөбі жанып кетті. Өртті Ерікті өртке қарсы құрылымынан 6 адам 1 техника күшімен сөндірді. Осыған ұқсас оқиға сол күні 13.00 шамасында Жаңақорған ауданына қарасты Қосүйеңкі ауылында болған. Жалпы ауданы мал қораның жануы салдарынан 300 пресс қамыс шөбі өртке оранды. Өрт 15.08-де толығымен сөндірілді. «Сол күні Қызылорда қаласындағы жаңадан салынып жатқан шыны зауытының аумағында асханаға арналған темір контейнері толығымен жанды. Өрт ошағынан сыйымдылғы 50 және 27 литрлы 2 газ баллондары шығарылды. Өрт 15-13 оқшауланып, 15-21 толық жойылды. Барлық оқиға бойынша қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тұрғындардан сақтық шараларына назар аударуын сұраймыз», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.