Малайзияда оқу орнының немқұрайлығынан қазақстандық студент көз жұмды
17 жасар Нұрай оқып жүрген Малайзиядағы университет тарапынан тиісті медициналық көмек ала алмау салдарынан қайтыс болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қадыр Нұрай Xiamen University Malaysia бірінші курс студенті. Туыстарының мәліметінше оның үш күн бойы дене қызуы қатты көтеріліп, кураторлар мен оқу орнының басшылығынан медициналық көмек сұраған.
26 желтоқсан күні Қадыр Нұрай пневмониядан және медициналық көмектің уақтылы көрсетілмеуінен көз жұмды.
Қазір Малайзиядағы Қазақстан елшілігі өлімнің себебін анықтау мақсатында зерттеу жүргізуде.