Малайзияда оқу орнының немқұрайлығынан қазақстандық студент көз жұмды

1 408

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: istockphoto.com17 жасар Нұрай оқып жүрген Малайзиядағы университет тарапынан тиісті медициналық көмек ала алмау салдарынан қайтыс болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қадыр Нұрай Xiamen University Malaysia бірінші курс студенті. Туыстарының мәліметінше оның үш күн бойы дене қызуы қатты көтеріліп,  кураторлар мен оқу орнының басшылығынан медициналық көмек сұраған. 


«Нұрайдың бірнеше күн бойы дене қызуы 39,5°C-қа көтеріліп ауырды, бірақ медициналық көмек көрсетілмеді. Жедел жәрдем шақыруға тырысқанына қарамастан, университет тарапынан медциналық көмектен бас тартылды. Университеттің кураторлары мен басшылығы оның жағдайына тиісті назар аудармады және оның жағдайы нашарлағаннан кейін ғана белгілі бір алаңдаушылық танытты», деп жазылған хабарламада.

26 желтоқсан күні Қадыр Нұрай пневмониядан және медициналық көмектің уақтылы көрсетілмеуінен көз жұмды.

Қазір Малайзиядағы Қазақстан елшілігі өлімнің себебін анықтау мақсатында зерттеу жүргізуде.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.