ҰБТ-дан 140 балл жинаған оқушыға Zeekr маркалы көлік сыйланды

1 882

Фото: Рысбек Мәуіт парақшасынанАстанада ҰБТ-дан ең жоғары 140 балл жинаған Жанайым Рашидке жеке мектептің басшысы Zeekr маркалы электромобиль тарту етті,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жанайым бұл емтиханға бір жылдан астам уақыт бойы жеке мектепте дайындалған. Жеке мектептің жетекшісі әрі ұстазы Рысбек Мәуіт үздік нәтижеге қол жеткізгені үшін қызға заманауи Zeekr маркалы электромобиль табыстады. 

Мектеп өкілдерінің айтуынша, сыйлық беру туралы шешім оқушының қажырлы еңбегі мен басқа оқушыларға үлгі боларлықтай жігері үшін қабылданған.

 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.