Алматыда самокатпен келе жатқан қыз көліктің есігіне соғылып қайтыс болды

270

Алматыда жолда самокатпен келе жатқан 27 жастағы бойжеткен тоқтап тұрған көліктің есігіне соғылып, алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы, жол апаты, самокат, бойжеткен 

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Марков көшесінде сағат 8:05-те болды. Nissan Patrol көлігінің жүргізушісі есігін ашқан кезде, оған самокатпен келе жатқан қыз соғылған.

Оқиға салдарынан қыз орталық қалалық ауруханаға жеткізіліп, бірнеше сағаттан кейін алған жарақаттарынан көз жұмды.

Биыл алты ай ішінде мопед мен самокат айдаушылар арасында 77 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 81 адам зардап шекті, біреуі қайтыс болды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.