Екі баласын тұншықтырып өлтірген қызылордалық келіншекке қатысты сот басталды
Түркістанда 3 жасар қызы мен 4 жасар ұлын өлтірді деген күдікке ілінген қызылордалық келіншекке қатысты сот отырысы өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сотталушы 30 жастағы Бота Хамитова биыл ақпан айында Шымкент қаласындағы қонақ үйде ұсталған еді. Ол Қызылода облысы, Шиелі ауданында бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген.
Айыпталушы қылмысты күйеуі көңіл бөлмегесін, жоспарлап жасағанын айтқан екен. Ал, оның адвокаты есі дұрыс адам балаларын өлтірмейді деп психиатриялық сараптама тағайындауды сұрады.
Қаз
Рус






