Ресей қару-жарақ өндіруде Батыстан алда келе жатыр – РФ вице-министрі

2 519

Фото: ашық дерек көзіМантуров қару-жарақ өндірісіндегі осы қарқынды сақтау маңызды екенін айтты,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ресей қару-жарақ өндіруде қазір батыс елдерінен озып кетті және белгіленген жоғары қарқынды сақтап қалуға ниетті. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында Ресей премьер-министрінің орынбасары, өнеркәсіп және сауда министрі Денис Мантуров мәлімдеді.

"Мақтанғым келмейді, бірақ біз Батыс елдеріне қарағанда өндіріс қарқынын арттырдық деп айта аламын. Қару-жарақ өндірісіндегі бұл жарыс қашанға дейін жалғасады деген тағы бір мәселе бар. Біз мемлекеттік қаруландыру бағдарламасының, сонымен қатар келесі жылы 2025-2034 жылдарға арналған бағдарламаның аясында жұмыс істеп жатырмыз. Қазір ведомстволар, бірінші кезекте қорғаныс министрлігі, өнеркәсіп және сауда министрлігі осы параметрлерді тексеру және дайындау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр", - деді ол.


Мантуров қару-жарақ өндірісіндегі осы қарқынды сақтау маңызды екенін айтты.

"Одан әрі қандай бағыт ұстануымыз керек деген түсінік бар: біз қорды толықтыруымыз керек және өндірістің осы қарқынын сақтауымыз керек. Бірақ Батыс елдерінің өз қарқындарын қаншалықты үдетуге дайын екені туралы ештеңе айта алмаймын. Әзірге біз белгілі бір басымдықпен алда келе жатырмыз", - деді вице-премьер.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.