Қазақстан халқының саны белгілі болды

271

Фото: Қазақстан Халық АссамблеясыҰлттық статистика бюросы 2021 жылы жүргізген халық санағы дерегінің қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Халқының саны 2022 жылғы 1 тамызында 19 644 067 адамға жеткен. 


"Өңделген мәліметтерге сәйкес, 2021 жылғы санаққа 19 186 015 адам қатысты. Осылайша, 2009 жылғы халық санағынан бері ел халқы 20%-ға немесе 3,2 млн адамға өсті. Бұған халықтың табиғи өсімі мен Қазақстан аумағына көші-қон ықпал етті", - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы. 


Қазақстандағы әйелдер саны бұрынғыдай ерлер санынан басым. Санақ қорытындысы бойынша олардың саны жарты миллионға (536,3 мың адамға) артық болды. Егер пайызбен айтар болсақ, ерлер үлесі – 48,6% (9 324 840 адам), әйелдер үлесі – 51,4% (9 861 175 адам) құрады. Осылайша, Қазақстандағы 100 әйелге 99 ер адамнан келеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.