Украинадағы соғыс дауысы Атырауға жетіп жатыр - тұрғындар

515

Бүгін Атыраудың барлық аудандарынан қатты жарылыстың дауысы естілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Қала тұрғындары сол туралы әлеуметтік желіге жарыса жазып жатыр.

Бүгін таңертеңгі 8:00 шамасында Атырауда қатты жарылыстың дауысы естілді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бірге тұрған екі жүк көлігі өртенген.

"Екі жүк көлігі өртеніп кетті. Өрт жарты сағатта ауыздықталды", — деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Алдын-ала мәліметке сүйенсек, қатты дыбыс екі жүк көлігінің жанар-жағар май құятын бөлігі жарылғандықтан шыққан.

Ал әлеуметтік желіде "Украинадағы соғыс Атырауға естіліп жатыр", "Үй жарылды" деген пікірлер жазылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.