Қостанай облысында мектеп мұғалімі өз-өзіне қол салды

424

Ол кәмелетке толмаған қызды зорлау дерегінің жұртқа жария етілуінен қорыққан болуы мүмкін,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Бұл іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркеуге алынып, тергеу шаралары басталды, деп хабарлайды.

Әулиекөл ауданындағы Бағалы ауылында тұрған мұғалімнің суицидке баруына Қостанай қаласының тұрғынымен жанжалдасуы себеп болған көрінеді. Дәл сол кезде оның оқушы қызбен ұзақ уақыт жыныстық қатынасқа түсіп келгені анықталыпты.


"Қыз бала жергілікті мектепте оқып, спортпен шұғылданып жүрген кезінде педагог оны жыныстық қатынасқа тартқан. Кейін ол қыз Қостанай қаласына қоныс аударған. Қазір 17 жаста. Ол мұнда 50 жастағы ер адаммен танысып, оған алғаш рет қашан және кіммен жыныстық қатынасқа түскенін айтып беріпті. Мұны естіген ер адам мұғалімнің "сыбағасын беру" үшін оны ауылға іздеп келеді. Ол педагогты зорлау дерегі бойынша арыз жазатынын айтып қорқытады", дейді атын атамауды жөн көрген жергілікті тұрғын.

Шамасы, осы қысымдарға шыдамай кеткен болса керек, дарға асылып өлуді ұйғарыпты. Ол 6 сәуір күні көз жұмды.

Ал Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер: "Иә, Әулиекөл ауданында суицид дерегі тіркелді" деп қысқа ғана қайырды.


Марқұмның артында әйелі, үш баласы қалды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.