Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің алдын ала себебін атады

1 756

Фото: freepik.comТөтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Сенат кулуарында Батыс Қазақстан облысында бес баланың өмірін қиған қайғылы өртке қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына пештің дұрыс пайдаланылмауы немесе электр сымдарының ақауы себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, нақты себеп арнайы сараптама нәтижесінде анықталады.

"Әкесі жұмыста болған, әйелі балаларды сыртынан жауып, дүкенге кеткен. Алдын ала себеп – балалардың ойыны. Жақында сараптама аяқталады, жұмыс жүріп жатыр", – деді Тұрсынбаев.

Оның айтуынша, өткен жылдың қыркүйегінде отбасының бұрынғы үйіне газ есептегіштері орнатылған, бірақ олар бір ай бұрын басқа үйге көшіп кеткен.

Еске салсақ, 4 мамырда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданына қарасты Жымпиты ауылында жекеменшік үйден өрт шығып, бір отбасындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі бес бала көз жұмғанын жазған едік.  Облыстық полиция департаменті осы факт бойынша қылмыстық іс қозғады.