"Жүргізуші куәлігінен де айырмаған"

332

Ақмола облысы Жақсы аудан орталығының тұрғыны әлеуметтік желіде ішкі істер бөлімі мен прокуратура басшылығынан көмек сұрап, мәселесін шешіп беруді өтініп үндеу жариялаған , - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


"2021 жылдың 2 желтоқсанында Жақсы ауданы, Жақсы ауылында  аудан әкімінің орынбасары Л.Ш.Сейдахметованың қызметтік көлігімен әкемді қағып өлтірді. Рөлде шенеуніктің жүргізушісі Е.Базылов болған. Оқиға жұмыс уақытынан тыс уақытта – 18:40-та болғанына назар аударуыңызды сұраймын", - деп жазады Марат Клименко.


Клименконың айтуынша, әкесін өлтірген қылмыскер жазадан толықтай құтылып кеткен.

"Арада екі ай уақыт өткенде маған аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Д.Т.Ишамбеков пен Жақсы ауданының прокуроры Е.Қ. Торсықбаев қол қойған Е.Базыловқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулы келіп тұр. Тергеуші Абдуахитов маған мұның барлығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жарияланған рақымшылықпен байланысты екенін түсіндірді", - деп жалғастырды жазба авторы.

Ал әкім орынбасарының жүргізушісі болған оқиғаға қарамастан, көлік тізгіндеуін әлі күнге дейін жалғастыруда.