Мүгедек әйел өзін зорлап кеткен адамға кешірім берген

1 374

Фото: istockphoto.comПавлодар сотында белгісіз үйге кіріп, әйелді зорлаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сот барысында жәбірленушінің мүгедек екені белгілі болды. Сотталушы оның үйіне түнде мас халде жасырын түрде кіріп, дәрменсіз жағдайын пайдаланып, зорлап кеткен.

Ер адамға Қылмыстық кодекстің 149-бабы 1-бөлігі («Бөтеннің үйіне кіру») және Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігі («Зорлау») бойынша айып тағылды. Прокурор оны 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сотта сөз алған жәбірленушінің өкілі мен адвокаттары олардың татуласқанын, сотталушының моральдық шығынды өтегенін айтты. Олар азаматқа талап-арызы жоқ екенін айтып, соттан оны бас бостандығынан айырмауды сұраған.

Сот істің барлық мән-жайын зерделеп, тараптарды тыңдай келе, сотталушыны «Зорлау» бабы бойынша 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қауіпсіздігі орташа мекемеде өтеу туралы шешім қабылдады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.