"Жүргізуші мас болған": Жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, фельдшер қаза тапты

752

Қостанай облысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, фельдшер қайтыс болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің мәлім етті,  деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына  сілтеме жасап.   




Оқиға 19 шілдеде Арқалық-Торғай тасжолында болған.

Chevrolet Nivа жүргізушісі дала жолынан тасжолға шыға берген тұста жол қауіпсіздігіне көз жеткізбестен, күрт бұрылыс жасаған. Соның салдарынан жолда келе жатқан Жангелді аудандық орталық ауруханасының «УАЗ» жедел жәрдем көлігіне соғылған.

«Жол апатынан «УАЗ» көлігінде отырған фельдшер көз жұмды. Әйел адам алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды. Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі көптеген дене жарақатын алған. Сараптама нәтижесінде Chevrolet Nivа көлігінің 32 жастағы жүргізушісінің мас болғаны анықталды», - деп хабарлады полициядан.

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.